2.09.2022, 10:57
Оқылды: 72

Бір ауыл – бір өнім

Жуырда Тасқала аудандық мәдениет үйінде іскер әйелдер форумы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Аян Халауедин, облыстық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы іскер әйелдер кеңесінің координаторы Жанар Досалиева «Уланов» шаруа қожалығының директоры Елена Уланова, «Нұрберген» шипажайының директоры Айна Баемирова және кәсіпкер әйелдер қатысты.

14

Кәсіпкерлік – бизнестің табандылығы мен жетістігінің символы. Елімізде әйелдердің белсенділігі күн сайын артып келеді. Бүгінгі таңда кәсіптегі әйелдердің үлесі шамамен 50 пайызды құрайды екен. Әйелдер қауымының бүгінгі таңда кәсіпкерлікке атсалысуының тағы бір негізгі себебі мемлекеттің кәсіпкерлерге мейлінше көңіл бөліп отырғандығында болса керек. Аталмыш форум аудан кәсіпкерлері өнімі мен тауарларының көрмесімен ашылды. Форум барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Аян Халауедин келген меймандарға "қош келдіңіз" айтып, ұйымдастырылған көрмеге жоғары бағасын берді.

«Жиынға қатысушылар бүгінгі іс-шараға қош келдіңіздер. Мемлекет тарапынан бүгінгі таңда кісіпкерлерге үлкен қолдау бар. Бүгін ұйымдастырылып отырған шара бұған куә. Бәрі де керемет өнімдерін көрсетті. Кәсіпкерлеріміз жетістікке жете берсін. Іскер әйелдердің кәсібі өркендей берсін»,- берсін деген Аян Халауединұлы бірқатар азаматтарға аудан әкімнің атынан алғысхат табыстады.

Сонымен қатар шара барысында Батыс Қазақстан облысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының және Батыс Қазақстан облысы іскер әйелдер кеңесінің төрағасы атынан форум қатысушыларына алғысхаттар табысталды.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале