Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Конституцияның 59-шы бабына сәйкес, VII шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясында Қазақстан халқына арналған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт, берекелі қоғам» тақырыбындағы Жолдауын арнаған болатын.
Президенттің «Мемлекет бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Мемлекет экономикалық еркіндікті қолдайды. Бірақ халықты нарық тұрақсыздығының ықпалынан барынша қорғайды. Шағын және орта бизнесті мейлінше дамытады», деген сөздері көңілге қуаныш ұялатты.
Жаңа экономикалық бағдардың басты басымдықтары
– жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту;
– бәсекелестікті дамыту, бәріне бірдей мүмкіндік беру; – сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу деген тапсырмалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсерін берері сөзсіз деп ойлаймын.
Жаһандық ғылыми-техникалық даму барысында жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту маңыздылығын айтты. Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы керектігі сөз етілді.
Жолдауда айтылған бағыттарды жүзеге асыру жолында барынша мұқият әрекет жасап, еліміздің ұзақ мерзімді мүддесіне сай жұмыс жүргізсек, берекелі ел болатынымызға сенемін.
Гаухар Нұрсұлтанова,
Қаратөбе колледжінің физика-информатика пәні
оқытушысы және жатақхана меңгерушісі