Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдан бастап еліміздегі балаларға 18 жасқа дейін Ұлттық қордан ақша аударылатынын мәлімдеді. Осыдан соң, әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың қанша ақша алатыны туралы ақпарат тарады. Министрлік бұл мәліметтің жалған екенін айтты.
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша инвестициялық табыстың 50%-ын аударған кезде ҚР кәмелетке толмаған азаматының шотына жыл сайын 74 241 теңгеден түседі», – делінген таратылған хабарламада.
«Бұл мәселе бойынша Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері тарапынан түсініктеме болған жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», – деді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әбдуалиева.
ulysmedia.kz