2.09.2022, 12:13
Оқылды: 169

"Шындыққа жанаспайды": Министрлік кәмелетке толмаған балаларға түсетін қаржы көлемі жайлы ақпарды жоққа шығарды

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдан бастап еліміздегі балаларға 18 жасқа дейін Ұлттық қордан ақша аударылатынын мәлімдеді. Осыдан соң, әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған балалардың қанша ақша алатыны туралы ақпарат тарады. Министрлік бұл мәліметтің жалған екенін айтты.

631178bdb6cd3722523585

 Ведомство бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша инвестициялық табыстың 50%-ын аударған кезде ҚР кәмелетке толмаған азаматының шотына жыл сайын 74 241 теңгеден түседі», – делінген таратылған хабарламада.

«Бұл мәселе бойынша Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері тарапынан түсініктеме болған жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», – деді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әбдуалиева.

ulysmedia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале