Мемлекет басшысының Жолдауында алдағы жылы жүзеге асатын жоба-жоспар нақты айқын көрсетілген. Ең бастысы, Президенттің халықтың әл-ауқатын арттыруды назарда ұстайтыны көңілімнен шықты. Ең төменгі жалақы көлемі 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге көтерілетіні мәлім болды. Әйелдердің зейнет жасын 61 жасқа шегеруді құптарлық шешім деп қабылдадым. Ауылдық жердегі медициналық саланы дамытуға басым көңіл бөлінбек. Әсіресе шағын елді мекендерде жаңа медициналық қосындар мен фельдшерлік-акушерлік пункт салу жанданады.
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыт-бағдарын анықтап берді. Игерілмей жатқан жерлерді жеделдетіп іскер шаруаларға беру маңызды. Үкімет Президент тапсырмасын қалтқысыз орындауға кіріседі деп сенемін.
Феликс Баюканский,
БҚО ҚХА «Ламед» еврей этно-мәдени бірлестігінің төрағасы