7.09.2022, 14:31
Оқылды: 41

Жалпықазақстандық диктантқа қаратөбеліктер белсенді қатысты

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен, қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант жазу еліміздің барлық аймақтарында өтті. Бір мезетте ұйымдастырылған жалпықазақстандық диктантқа қаратөбеліктер де белсенді қатысты.

IMG_9179

Этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мақсатында өткен диктант «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбымен аталды.

Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде өткен жалпықазақстандық диктантқа азаматтық қоғам өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, жастар ұйымының өкілдері қатысты.

IMG_9184

– Баршаңызға білгілі, биылғы жылы қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойлануда. Осыған орай, Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен республика бойынша бір мезетте жалпықазақстандық ашық диктант өткізілуде. Айтулы шараға біз де атсалысып, орталық кітапханада аудан тұрғындары және мемлекеттік қызметкерлердің қамтылуымен ашық диктант өткізілді.

 

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуді көздеген жалпыхалықтық диктант жазуда қаратөбеліктер де белсенділік танытты, - дейді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Еділбек Исқали.

 Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале