ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында пилотты түрде «Бір ауыл - бір өнім» жобасы іске асырылуда.
Жобаның мақсаты - ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуға, оларды кәсіппен айналысуға баулу.
Үстіміздегі жылдың Наурыз айынан бастап, өңірімізде аталған жобаны жүзеге асыру бағытында тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, барлық аудандар көлемінде көрмелер ұйымдастырылып, Жобаның талаптарына сай келетін 50-ден астам ауыл тұрғындарының жобаларына облыстық көрмеге қатысуға жолдама берілді.
Ендігі кезекте «Бір ауыл - бір өнім» жобасының облыстық кезеңі өткізіледі.
Көрме қыркүйек айының 14-де, сағат 10.00-де Орал қаласы, Пугачев көшесі, 38 мекенжайында орналасқан «Фазенда» ресторанында өткізіледі.
Осы көрмеге қатысуға шақырамыз.