8.09.2022, 10:15
Оқылды: 52

Қазақстанда 16 мың науқас коронавирустан үйінде емделіп жатыр

Қазақстанда дәл қазір 16 419 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5

Оның ішінде 16 159 адамда коронавирус расталса, қалған 260 науқаста пневмония белгілері бар.

16 мың 419 науқастың арасында 358 пациент стационарда, 16 061 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

- 15 адамның жағдайы ауыр,

- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале