9.09.2022, 11:31
Оқылды: 47

Елімізде 16 мың кәсіпкер 1 трлн теңгенің несиесін қайтармай жүр

Қазақстанда 16 мың заңды тұлға бизнес жүргізуге алған несиесін төлей алмай жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.

«Бізде 16 мың кәсіпкер бар. Жинақталған борыштың жалпы сомасы – 1 трлн теңге», - деді агенттік өкілі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі елдегі стрестік активтердің мәселесін шешу үшін заңды тұлғалардың проблемалық несиелерін жеке инвесторларға беруді ұсынып отыр.

Ол инвесторлар арнайы сервистік компаниялардың басқаруына беруге міндеттеледі. Ал сервистік компания несие алып ашылған бизнес жобаның алға басуы үшін жұмыс істейді.

Олжас Қизатов бұл тетіктің жеке тұлғаларға қатысы жоқ екенін ескертті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале