Instagram-да пайда болған бұл "жарнама" қоғамда бірден резонанс туғызды.
Stopfake.kz бұл алаяқтардың ісі екенін ескертіп, банктің тұтынушыларды қолдау қызметінің мәлімдемесін жариялады:
Бұл алаяқтар! Сақтық танытып, берілген сілтеме бойынша өтпеулеріңізді сұраймыз. Банк өнімдері, қызметтері және өткізетін акциялары бойынша барлық өзекті ақпарат банк сайтында жарияланады.
Сондай-ақ жарнаманың ресми ресурста емес, The Ticket West Michigan деп аталатын парақшада таралғанына назар аудару керек. Бұл АҚШ-тың Мичиган штатындағы Гранд Рапидс қаласында хабар тарататын коммерциялық спорттық радиостанцияның атауы. Олардың ресми сайтында қазақстандықтарға банктік төлемдер жасалатыны туралы жарнамаға тапсырыс бергенін растайтын ешқандай ақпарат жоқ.
Сонымен қатар жарнамада көрсетілген сілтемемен өткен кезде пайдаланушылар іс жүзінде жоқ сайтқа түседі, демек, ол жойылған немесе бұғатталған.