12.09.2022, 15:00
Оқылды: 88

Банк әрбір қазақстандыққа ай сайын 117 700 теңгеден төлеуі тиіс деген ақпарат - фейк

Желіде тағы бір фейк ақпарат кеңінен тарап жатыр. Еліміздегі банктердің бірі әрбір қазақстандыққа ай сайын 117 700 теңгеден төлеуге тиіс екендігі айтылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

423d4433ac564ae298bba96ad04d917e

Instagram-да пайда болған бұл "жарнама" қоғамда бірден резонанс туғызды.

Stopfake.kz бұл алаяқтардың ісі екенін ескертіп, банктің тұтынушыларды қолдау қызметінің мәлімдемесін жариялады:

 Бұл алаяқтар! Сақтық танытып, берілген сілтеме бойынша өтпеулеріңізді сұраймыз. Банк өнімдері, қызметтері және өткізетін акциялары бойынша барлық өзекті ақпарат банк сайтында жарияланады.

Сондай-ақ жарнаманың ресми ресурста емес, The Ticket West Michigan деп аталатын парақшада таралғанына назар аудару керек. Бұл АҚШ-тың Мичиган штатындағы Гранд Рапидс қаласында хабар тарататын коммерциялық спорттық радиостанцияның атауы. Олардың ресми сайтында қазақстандықтарға банктік төлемдер жасалатыны туралы жарнамаға тапсырыс бергенін растайтын ешқандай ақпарат жоқ.

Сонымен қатар жарнамада көрсетілген сілтемемен өткен кезде пайдаланушылар іс жүзінде жоқ сайтқа түседі, демек, ол жойылған немесе бұғатталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале