13.09.2022, 15:00
Оқылды: 43

Шілде айында еліміздегі депозиттер 3,3 пайызға өсті

Биылғы шілде айында резиденттердің депозиттері 3,3 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220912133255801e

«Биылғы шілдеде банктердің жеке капиталы 7,2 пайызға, яғни 5,65 трлн теңгеге дейін өсті. 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткілікті коэффициенті (к1) 17,6 пайызды, меншікті капитал (к2) 21 пайызды құрады. Бұл өз кезегінде банк секторындағы ықтимал тәуекелдерді жаба алады», - делінген ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінде.

2022 жылғы шілдеде банк секторының міндеттемелері клиенттердің салымдарын 4,8 пайызға 27,7 трлн теңгеге дейін ұлғайту нәтижесінде 2,2 пайызға (35,5 трлн теңгеге дейін) өсті (міндеттемелер құрылымындағы үлесі 78,1%). Биылдың басынан бері банктердің міндеттемелері 7,2 пайызға артты

«2022 жылғы шілдеде резиденттердің депозиттері 3,3 пайызға 28,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (жылдың басынан бері өсім - 3,5%). Заңды тұлғалардың депозиттері 4,8 пайызға, 14,5 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 1,7 пайызға, 13,6 трлн теңгеге дейін өсті», - деп аталып өткен агенттік хабарламасында.

Сонымен қатар, биылғы шілдеде ұлттық валютадағы депозиттер 3,1%-ға (18,1 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында депозиттер 3,5%-ға (9,9 трлн теңгеге дейін) өсті. Осы орайда 2022 жылдың басындағы долларлану 36 пайыз болса, 1 тамыздағы жағдай бойынша 35,4 пайызды құрады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда банк секторының активтері 40,3 трлн теңгені құрады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале