«Мемлекеттік аппараттың құжат айналымын қысқарту мақсатында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге планшеттер таратып жатырмыз. Алдағы уақытта 450 планшет қосымша берілетін болады», - деді Б. Мусин.
Оның айтуынша, Smart Bridge арқылы интеграциялар оңай жүргізіліп отыр.
«Мемлекеттің азаматтармен қатынасын цифрлық құралдарға көшіру қолға алынды. Мысалы, e-Otinish платформасы өзінің тиімділігін растады. Бүгін әкімшілік сотқа өтініштерді оңай беру үшін Жоғарғы Сотпен интеграция жүргіздік. Мемлекеттік қызметтердің сапасы бойынша халықпен кері байланыс бар. Біз eGov-та 800 мыңға жуық қызметке бағалау жүргіздік. Жасанды интеллект технологиясын қолданып, 1414 кеңес беру қызметін роботтандыру бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру 94 пайызға жетті.