Кеше кешкі 19.23 те Теректі ауданы Федоровка ауылы Бойная көшесіндегі 30-ыншы үйдің қорасын жалын шарпыды, деп хабарлады БҚО төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.
25 тонна шөп (100 бума) және 15 шаршы метр өртенген.
Қатты желден өрт көршілес Горький көшесі 15/1 үйдің ауласына көшіп, мұнда 17,5 тонна шөп (70 бума) пен 40 шаршы метр қора отқа оранған.
Өртті сөндіруге № 12 ӨСБ (11/3), ТЖБ (3/1), ЕӨҚ (5/2 водовоз) жұмылдырылды. Өрт 21:30-да оқшауланған.
Зардап шеккендер жоқ.
zhaikpress.kz