15.09.2022, 12:32
Оқылды: 121

Отан – отбасынан басталады

Бүгінде демографиялық саясаттың әуелгі факторы ретінде отбасылық құндылықтарды халық санасына сіңіру – мемлекеттік міндеттердің бірі. Осыған орай аптаның алғашқы күні Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы «Ақтілеу» халықтық әжелер ансамблінің ұйымдастыруымен «Отбасы – өмір аясы» тақырыбында бес баланың ата-анасы Төлеушевтер жанұясымен кездесті.

19

Шара барысында ақ жаулықты әжелер ақ тілегін білдіріп, бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңызына тоқталып өтсе, мекеме директоры Мержан Сүндетқалиұлы қонақтарды аталмыш мерекемен құттықтап, арнайы сыйлық табыс етті.

Айта кетейік, 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып бекітілген болатын. Осы уақыттан бері елімізде бұл атаулы күн дәстүрлі түрде мерекеленіп келеді.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале