15.09.2022, 16:00
Оқылды: 53

ҰҚТ кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан: жаңа мәлімет айтылды

Шымкентте полиция кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға, жеңгетайлыққа, сондай-ақ, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жыныстық қанау мақсатында адам саудасына тарту дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2

Тергеу барысында олардың қылмыстық әрекеттері Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында жүзеге асырылғаны анықталды. Топтағы рольдер нақты бөлінген. Оның ұйымдастырушылары үш апалы-сіңлі болып шықты. Олар сенімді адамдарымен бірге қылмыстық әрекеттерді үйлестірген. Қорқыту мен бопсалау, "айыппұлдар" арқылы қыздарды синтетикалық есірткі қолдануға және ақылы (кейде әртүрлі тауар үшін де) жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген.

Топтың кейбір мүшелері жас әйелдер мен қыздарды іздеумен айналысқан. Олармен танысып, сеніміне кіре отырып, осы "іске" тартқан. Қыздарды әлеуметтік желі арқылы Қарағанды, Семей, Атырау, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалалары мен Түркістан облысынан тапқан. Билет сатып алу мен тұруға кеткен шығынды қылмыстық топтың ұйымдастырушылары төлеген. Топтың басқа мүшелері "әкімші" және "кассир" ролін атқарған. Олар қыздардың тәртібін қадағалап, есеп пен касса жүргізіп, интернеттегі жарнамалар арқылы табылған "клиенттерді" қабылдап отырған.

Қылмыскерлердің тапқан табысы шамамен 150 миллион теңге болады. Жыныстық сауданың құрбандары арасында 17 мен 25 жас аралығындағы 14 қыз бар, оның ішінде алты қыз - кәмелетке толмағандар. Қыздарды жалдамалы пәтерлерде ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бірқатар жағдайда күдіктілер қыздарды өзімен бірге ертіп, қонақүйлер мен сауналарға апарған. Қыздар туған-туыстарын тыныштандыру үшін ата-аналарына бала күтуші болып жұмыс істейтіндерін айтқан. Кейбір жағдайларда ұйымдастырушылар қыздардың ата-аналарымен кездесуге барып, өздерін "бала күтушіге жұмыс беруші" сияқты көрсеткен. Барлығы 11 адам ұсталған, олар қазір Шымкенттегі тергеу изоляторында қамауда отыр.

Осы дерек бойынша 18 қылмыстық іс қозғалған, оның ішінде 2 дерек Қылмыстық кодексінің 262-бабының 1, 2-бөлігі (Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу), 5 дерек 128-бабы (Адам саудасы), 5 дерек 134-бабы 3-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту), 2 дерек 308-бабы (Жезөкшелікке тарту), 3 дерек 309-бабы (Притон ұстау мен жеңгетайлық), 1 дерек 297-бабы (Есірткі заттарын алу, сақтау, тасымалдау) бойынша тергеліп жатыр.

Еске салайық, дерек бойынша 11 адам ұсталған, олар қазір Шымкенттегі тергеу изоляторында отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале