16.09.2022, 15:45
Оқылды: 40

МӘМС жүйесі енгізілгеннен бері саланы қаржыландыру 80 пайыз артқан

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілгеннен бері саланы қаржыландыру 80 пайыз артқан. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС қызметін үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесі жүзеге асырылуда. Медициналық көмектің қаржыландыру көлемі мен қолжетімділігін арттыру үшін жаңа инновациялық технологиялардың игерілуін елімізде МӘМС-тің енгізілумен байланыстырды. Шын мәнінде МӘМС жүйесін енгізу қаржыландыруды 80 пайыз арттыруға мүмкіндік берді. Қаржыландыру медициналық көмектің бүкіл бағыттары бойынша артты. Оның ішінде профилактикалық қарап, тексерулер екі есе артты», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Айтуынша, бұрын тек санаулы санаттарға бюджет есебінен көрсетілетін медициналық қызметтер МӘМС-жүйесінедгі азаматтарға да қолжетімді болғанын апат өтті.

«Консультативтік, диагностикалық және медициналық оңалту қызметтері 10 есе, стационарлық көмек 54 пайыз, жоғары технологиялық медициналық қызметтер 3 есе артты. МӘМС жүйесін енгізгеннен бері амбулаториялық қызметтер мен жоспарлы операцияларды күту уақыты едәуір қысқарды. Қымбат тұратын зерттеулер, КТ, МРТ, ПЭТ медициналық көрсетілімдері еліміздің барша азаматтарына қолжетімді болды. 2020 жылға дейін бұл тек әлеуметтік тұрғыда осал болып саналатын 8 санатқа ғана тиесілі болатын», - деді ДСМ өкілі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале