21.09.2022, 16:17
Оқылды: 46

Қазақстан кедей елдерді дәнді дақылсыз қалдырмайды – Тоқаев БҰҰ отырысында

Ел басшысы әлемдік қауымдастықта “астықтың сенімді жеткізушісі” бола беретінін түсіндірді. Әсіресе кедей елдерді астық пен азық-түліксіз қалдырмайтынын атап кетті.

1

Тоқаев Қазақстан астық өндіруден әлемде жетінші мемлекет екенін еске салды.

"Әлемдік азық-түлік жетіспеушілігімен күресу үшін көмектесуге дайынбыз. Қазақстан алдағы уақытта да астық пен басқа да негізгі азық-түлік өнімдерін жеткізуші қызметі абыроймен атқарады. Әсіресе кедей елдерге жеткізуден тайынбайды", – деді президент.

Ол сондай-ақ Қазақстан инклюзивтілік, көпжақтылық және ізгі ниет қағидаттарын басшылыққа ала отырып, бәрімен ынтымақтасуға дайын екенін көрсетті.

"Қазіргі қиындықтарды елдер бірлесіп әрекет еткенде ғана жеңуге болады.Біз жаһандық сын-қатерлер мен дағдарыстарға жай ғана қарап қоймай, жаңа тенденциялардың алдын алуға және оларды болжауға, сондай-ақ стратегиялық жоспармен мәселені шешуге ұмтылуымыз керек", - деп қосты Қазақстан басшысы.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың сейсенбі күні Нью-Йоркке сапарға аттанғаны жарияланған еді. Ол БҰҰ штаб-пәтеріндегі Бас Ассамблеяның жыл сайынғы жаңа сессиясын ашатын шараға дәстүрлі түрде президенттер, премьер-министрлер мен министрлер қатысатын жиынына қатысты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале