Батыс Қазақстан облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерінің басталғаны туралы хабарламаларды электронды түрде жіберуге болатынын, бұл Сіздің уақытыңызды үнемдеуге және тіркеуді жылдамдатуға мүмкіндік беретінін қаперіңізге салады.
Фото дереккөзі: kyzylorda-news.kz
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 24-бабына сәйкес, эпидемиялық мәні болмашы объектінің қызметі (пайдалануы) хабарлама арқылы жүзеге асырылады, яғни бірқатар кәсіпкерлер қызметтің басталғаны туралы хабарлауға міндетті.
2022 жылдың 8 айында БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және аумақтық бөлімшелерге қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы 73 хабарлама келіп түсті. Атап айтсақ:
- техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру объектілері – 5;
- отыратын орын саны 50 және одан аз тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері – 33;
- көлік құралдарына (теміржол, автомобиль, су және әуе) және жолаушыларға қызмет көрсету объектілері – 1;
- қалпына келтіру емі және медициналық оңалтуды жүзеге асыратын объектілер – 8;
- дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сақтау, көтерме және бөлшек саудада өткізу объектілері – 12;
- дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдары мен препараттарын дайындау, өндіру, қайта өңдеу, сақтау, өткізу, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызметтерді жүзеге асыру объектілері – 4;
- шаштараздар – 2;
- қонақүй – 1;
- өндірістік объектілердің санитариялық сыныптамасына сәйкес, қауіптіліктің 3-5 сыныптарына жататын қызмет түрлері – 2;
- тамақ өнімдерін тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары – 1;
- көтерме және бөлшек сауда объектілері – 4.
Қызметтің басталғандығы туралы хабарламаны «Электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жіберуге болатынын еске саламыз!
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті