22.09.2022, 10:46
Оқылды: 48

«Суды тұрақты беруге не кедергі?»

Раушан Сәрсенбиева, Орал қаласы:

200311184450239e

Фото:  inform.kz

– «Автопарк» автобус аялдамасы маңында тұрамын. Бесінші қыркүйектен бері біздің шағынауданда ыстық су жоқ. Сұрастырсам, шаһардың бірнеше шағынауданында ыстық су беру тоқтатылған екен. Енді кеше салқын су да тоқтап қалды. Көпқабатты үйде салқын судың жоқтығы қиын. Ыстық және салқын су беруді неге жиі тыйып тастайды?

Мирас Мүлкай, Орал қаласы әкімінің орынбасары: 

InShot_20220922_104224909

– Жиырмасыншы қыркүйек күні Исатай-Махамбет көшесіндегі 2-кәріздік сорғы стансасы істен шығып, соның салдарынан қала тұрғындарына салқын су берілмеді. Әлгі  құбырдың коллектор қабылдағышы мен сорғының арасында жарық пайда болды. Жөндеу жұмысы 21 қыркүйек күні таңғы сағат 08:00-ге дейін жүргізілді. Сумен жабдықтау құрылғысын іске қосқан сәтте қысымның жоғарылауына және су барлық тұтынушыға жетуі үшін кем дегенде екі сағат күту қажет. Содан салқын су пәтерлерге баяу жеткізілуде. Жалпы, Орал қаласындағы инженерлік құбырлардың 60 пайызының тозығы жеткен. Ал аталмыш құбырға тоқталсақ, ол 1962 жылы салынған. 2-кәріздік сорғы стансасын жаңалап-жаңғыртуға (реконструкция)  арналған жоба қыркүйек айының басында мемлекеттік сараптамадан өтті. Биылғы жылдың соңына қарай мемлекеттік сатып алу рәсімі өткізіледі. Келесі жылы жұмысты бастауды жоспарлап отырмыз. Әбден тозығы жеткен кәріздік сорғы стансасын жаңалап-жаңғыртуға  шамамен 1,2  млрд. теңге жұмсалмақ және жөндеу жұмысы төрт айға созылмақ. Сол кезде тұрғындарға үздіксіз су беру үшін уақытша стансалар іске қосылады.

Бекболат Қамешов, «Жайықжылуқуат» АҚ  бас директорының орынбасары: 

InShot_20220922_104239695

– Қыркүйектің 5-15-і күндері «Жайықжылуқуат» АҚ  қысқа дайындық бойынша жоспарлы жұмыс жүргізді. Тексеріс аяқталған соң қазандықтарды іске қосып едік, сол кезде техникалық ақау пайда болды. Осы аптада техникалық ақауды қалпына келтірдік. Ыстық су беріле бастады. Әлеуметтік желіде «Жайықжылуқуат» АҚ-ның «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға берешек қарызы болған соң, ыстық суды тоқтатып тастағаны туралы жазбалар жүр. Бұл – жаңсақ пікір. Өйткені  кәсіпорынның «ҚазТрансГаз Аймақ» алдындағы қарызы салыстырмалы түрде аз және ол – ағымдағы қарыздар. Ал «Жайықжылуқуат» АҚ-ға тұрғындар 520 млн теңге қарыз. Борышкерлердің басым бөлігі – жеке тұлғалар.

Гүлсезім Бияшева 

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале