28.09.2022, 11:30
Оқылды: 66

Қазақстан ХҚҚДБ-нен 345 миллион еуро қарыз алуды жоспарлап отыр

Мәжілісте Халықаралық қайта құру және даму банкінен 11,5 жылға 345,7 миллион еуро көлемінде несие алуды қарастыратын заң жобасы қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

3

Заң жобасына сәйкес, несие "жеке сектор басқаратын даму саясатын қаржыландыруға және экономиканы тұрақты қалпына келтіруге" арналған.

"Осы келісім бойынша несие қаражаты республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру шаралары аясында әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтауға бағытталған шаралар кешенін қолдау үшін тартылады.

Қазақстанға Халықаралық қайта құру және даму банкінен 345,7 миллион ​​еуро сомасында несие беріледі. Өтелу мерзімі 11 жыл 6 ай, оның ішінде 2,5 жыл жеңілдік кезеңімені", - деді депутат Марат Құсайынов Мәжіліс отырысында.

Депутаттар бұл ұсынысты қолдады. Енді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті заң жобасын зерделеп, қорытынды әзірлеуі керек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале