29.09.2022, 9:45
Оқылды: 34

Жаңарып-жаңғыруға негіз болғай

Ерсайын Құбашев,

Жәнібек ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы,  Жәнібек ауданының құрметті азаматы:

ерсайын қубашев

– Қазақстан қоғамы жаңару, жаңғыру жолын қалап отырғаны бесенеден белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та елдің даму жүйесіне өзгеріс енгізу үшін жаңа сенім мандатының қажет екендігін айтты. Дәлірек айтқанда, Президент елдің өркендеуі мақсатында қазіргі өкілеттілігін халық талабына сай жетілдіре түсіп, бүкіл жүйені өркениетті, әділетті жолмен құруға ниетті. Ол теория тұрғысындағы ұстаным бойынша Парламент сайлауының 2025 жылы өтетінін, алайда бүгінгі таңда халықтың басым көпшілігінің жаңару мен өзгеріске аса ықылас танытып отырғанын мәлім етті. Мұның өзін әділ шешім деп білеміз. Оның үстіне Президенттік сайлаудың қашан, қалай өтетіндігі жөнінде алдын ала хабарланды. Саяси додаға түскісі келетін партиялардың тәжірибе
жинақтауға, жаңа саяси партияларды тіркеуге уақыты бар. Қазір тіркеліп те жатыр.  Президенттік мерзім мөлшерін 7 жылға дейін ұзарту теңсіздікті реттеуге, елді жемқорлықтан тазартуға қолайлы фактор болып саналады. Жапон пәлсапасында «Өзгерісті өзіңнен  баста» деген қағида бар. Мемлекет басшысы мұны өзіне басты кредо етіп алып отыр. Алда үлкен өзгерістер күтілуде. Қарапайым халық адалдықты, әділдікті жақтайды. Бұл жолы жұртшылық Президент сайлауында үлкен белсенділік танытады  деп  сенемін.

Надежда Шиганакова,

Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің әдіскері, Бөрлі ауданының құрметті азаматы: 

надежда шиганакова 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында саяси реформалардың жалғасы ретінде биыл Президент сайлауын, келесі жылы Парламент сайлауын өткізу жөнінде ұсыныс жасады. Сондай-ақ Президент өкілетін жеті жылға дейін ұзартып,  тек бір мерзімге сайлауды ұсынды. Кезектен тыс Президент сайлауының 20 қарашада өтетіні белгілі. Соған сәйкес Конституцияға өзгерістер енгізілді. Мен Президенттің 7 жылға сайлануын дұрыс шешім деп есептеймін. Себебі Президент сайлаудан сайлауға дейінгі аралықта емес, белгілі бір кезеңде жемісті қызмет етуі керек.

Мемлекет басшысын бір реттік мерзімге сайлау демократиялық жолмен алға басу және саяси реформалардың жалғасы деп білемін. Президент сайлауы  халықтың бірлігін нығайтуға, азаматтық қоғам мен биліктің өзара ынтымақта әрекет етуіне  ықпал етеді. Жаңа саяси мемлекеттік бас-
қару институттары еліміздің тұрақтылығы мен тұтастығына, түрлі сын-қатерге төтеп беруіне ықпал етеді. Мемлекет басшысының билікке келген 2019 жылдан бергі стратегиялық мәселелерді шешуге бел шеше кірісуі еліміз даму бағытын дұрыс таңдағанын бірнеше мәрте дәлелдеді. Енді сайлауда жеңіске жеткен үміткер мемлекеттік-саяси құрылымның жаңа моделін іске қосады. Ал жаңа реформалардың Қазақстан азаматтары әл-ауқатының артуына, еліміздің гүлденуіне септігін тигізетініне сенемін. Себебі Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың қатаң заң шеңберінде, әділетті өтетініне кепілдік берді.

Пікірлерді дайындаған: Нұрымбек Жапақов

Ясипа Рабаева

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале