Бүгін «Amanat» партиясы Сырым аудандық филиалының кезектен тыс XXXVII конференциясы өтті.
Аудандық конференцияға 17 бастауыш партия ұйымынан 54 делегат сайланды. Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасының жобасын талқылау және «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясына делегаттарды сайлау мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Талғат Дарғожиев өз баяндамасында Саяси тұғырнаманың маңыздылығына, мақсаты мен міндеттерін атап өтіп, елімізде болып жатырған өзгерістерге байланысты партияның болашақта жұмыстанатын идеологиялық саяси басты құжаттардың бірі екендігіне кеңінен тоқталды.
Одан бөлек, делегат Айнагүл Ойшыбаева еліміздің кешегі мен бүгіні де, ана тіліміз де аталмыш тұғырнамада басты назарда екендігіне риза екенін білдірсе, Кенжегүл Исатаева ұлттық экономикалық саясат барлық азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталғандығын, жастар өкілі Қайсар Халит ел болашағы жастардың еншісінде екендігін айтып, жаңаша ойлайтын жастардың тың идеяларын қолдауда партиямен бірлесіп жұмыстанатындығын айтты. Жиынды «AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Төлеген Төреғалиев қорытындылады.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы,
zhaikpress.kz