Дипломаттар халықаралық аренадағы соңғы оқиғаларды тілге тиек ете отырып, Ресеймен әуе және автомобиль қатынасында туындап жатқан қиындықтарды алға тартады, деп хабарлайды РБК.
Дипломатиялық миссия бұл ретте әуе билеттер құнының шарықтап кетуін, сондай-ақ Ресеймен көршілес елдердің шекарасында қалыптасқан ұзын-сонар кезекті мысалға келтірді.
Айта кетсек, бұған дейін АҚШ елшілігі де Ресейдегі американдықтарға тура осындай үндеу тастаған.