30.09.2022, 16:30
Оқылды: 41

Облыс әкімі қариялар үшін шаһар аумағында 50 шағын үй орналастыруды тапсырды

Бұл мәселе бүгін ардагерлер кеңесінің отырысында айтылды. Аталған кеңеске өңір басшысы Ғали Есқалиев қатысты.

аким3

Басқосуда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Бергеннің есебі тыңдалды.

аким 4

Баяндамадан соң БҚО әкімі ардагерлер ұйымының жұмысы нашар жүріп тұрған Ақжайық, Бөкей ордасы, Казталов аудандарын сынға алды. Бұл аудандардағы ардагерлер мен әкімдіктің жұмысы бір ізге қойылмаған деп атап өтті әкім.

аким

Ардагерлер кеңесінің отырысында аймақ басшысы ардагерлердің өмір сүру деңгейін жақсарту мәселесін де ортаға салды.

«Көп қабатты үйлердің аулалары мен тынымбақтарда қариялар мен зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізіп, шахмат, дойбы ойнауға ыңғайлы 50 шағын үй орнатуды тапсырамын. Мектептердің спорт залдары қариялар үшін қолжетімді болуы керек, "Белсенді ұзақ өмір" орталықтарын ашуды қарастыру керек»,- деді Ғали Есқалиев.

аким1

Бұдан бөлек өңір басшысы тиісті мекеме басшыларына ардагерлердің шипажайлардағы демалысын, жалғызбасты ардагерлерге көмек көрсетуді, әлеуметтік қолдау шараларын уақытылы ұйымдастыруды тапсырды.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале