Оның атап өтінше, ұлттық валюта бағамын қандай да бір деңгейде белгілеу қысқа мерзімді шешім болып саналады. Өйткені резервтер таусылғаннан кейін айырбастау бағамы әділ деңгейге қайта оралады. Осыған байланысты ұлттық валюта бағамымен қандай да бір айла-шарғы жасау және рубльмен немесе кез келген басқа валютамен кросс-бағамға ықпал ету мақсатындағы әкімшілік шаралар қажетті нәтижеге алып келмейді.
«Рубль сыртқы нарықтарда өтімді валюта болып табылғандықтан, Қазақстанның компаниялары рубльге Ресей Федерациясындағы тауарларды немесе сыртқы нарықта долларды кедергісіз сатып ала алады. Рубль-теңге бағамының ағымдағы нарықтық деңгейі жергілікті өндірушілер тауарларының бәсекеге қабілеттілігі үшін қолайлы жағдай жасап, 3 ішкі өндірісті дамытуға алғышарттар белгілейтінін атап өткен жөн. Жалпы алғанда, бағамды бағаларға ауыстыру тиімділігін төмендету үшін Үкіметтің экономика салаларын қолдауы және ішкі нарықты отандық өндіріс тауарларымен толықтыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруы арқылы елдің импортқа жоғары тәуелділігі проблемасын құрылымдық шешу қажет», - деді Ғалымжан Пірматов.