4.10.2022, 10:01
Оқылды: 45

Мессистің миллионы

Батыр қолбасшы Сырым Датұлының туғанына 280 жыл және Алаш зиялысы Жаһанша Досмұхамедовтың туғанына 135 жыл толуына орай өткен  тойда халайық даладағы дүбірлі додаларды тамашалады. 

8

Тойшы қауым алдымен  әр ауданнан келген  тазылардың ең жүйрігін анықтады. Бәйтерек ауданынан келген ағайынды жігіттер олжалы оралды. Яғни Марат Мұхтаровтың тазысы 1-орынды (50 000 тг ), ал 2-ші және 3-орынды Нұрлан Мұхтаровтың екі тазысы  (30 000 - 20 000 тг) иеленді. Атсүйер қауымның тақымын қысып, бапкерлерді толқытқан сәттің өз қызығы жетерлік еді.  Әуелі екі айналымдық  тай жарысы басталып, соңы 6 айналымдық топ бәйгеге және 8 айналымдық аламан бәйгеге ұласты. Дала ат тұяғының дүбіріне толып, халықтың қиқулаған үні бойды шымырлатты.  Бәрін де қай тұлпардың мәре сызығын алғаш боп кесетіні қызықтырды.

Тай жарысында 1-орынды Асылбек Жаңабаевтың Қараторғайы (Ақжайық ауданы, 250 000 теңге) иеленді. Мәреге екінші болып Қалдыбек Нұрпейісовтың Тұмары (Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, 150 мың теңге), үшінші болып Мейрамбек Умировтың Самалы (Қобда ауданы, 100 мың теңге) келді. Топ бәйгеде теректілік Темір Кәкімнің Тасқыны (800 мың теңге) топ жарды. Одан кейін ақтөбелік Бекбол  Байжарқыновтың Ақмоншағы (500 мың теңге) мен жаңақалалық Мақсат Сейталиевтің Айтөбелі (100 мың теңге) мәре сызығын кесті. Аламан бәйгеде Ақтөбе облысынан келген Бекбол Байжарқыновтың Мессисі топ жарып, иесіне 1 000 000  теңге жүлде алып берді. 2-орынды жаңақалалық Мақсат Сейталиевтің Бақторысы, (700 мың теңге), 3-орынды ақтөбелік  Ермек Ибашевтің Ақжауыны (300 мың  теңге) иеленді.

Білектің күшін сынаған аударыспақта 1-орын алған сырымдық Төлеби Қайыржанов 50 мың  теңгені қанжығасына байласа,  2-орынды өлеңтілік Абай Кенжебаев (30 мың теңге), 3-орынды қособалық Жәнібек  Жамалов (20 мың теңге) иеленді. Арқан тартыстан Жымпитының 1987 жылы туған жастары жеңімпаз атанды. 2-орынды Сарой ауылдық округіндегі Көздіғара ауылының тұрғындары, ал 3-орынды Өлеңті ауылының жастары місе тұтты. Қой көтеруден шыңғырлаулық Сайын Алдиярға ешкім жете алмады.

Мүсірбек Айташев,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале