4.10.2022, 12:00
Оқылды: 49

Қаламгер атына көше берілді

Зашаған кентіндегі бұрынғы Ілбішін көшесі енді белгілі жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қажығали Мұхамбетқалиевтің атымен аталатын болады.

IMG-20220930-WA0068

-Бұған дейін ҚР Жазушылар Одағының БҚО филиалы тиісті мекемелерге бірнеше рет жазушыға Оралдан көше атын беру туралы ұсыныс хат жолдаған еді. Қажығали көшесі - қаламгердің 80 жылдығына сәйкес келген сәтті шешім, – деп жазды желідегі ресми парақшасына Одақтың өңірдегі филиалы.

Қажығали Мұхамбетқалиев – Сырымның әдеби бейнесін жасау үшін 20 жылын арнаған адам. Жазушының жанкешті еңбегі еркіндік үшін атқа қонған ерен ердің есімін жаңа биікке көтерді.

Осы күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Сырым Датұлының 280 жылдығына орай «Дала реформаторы – Азияға ортақ тұлға!» атты ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Тарихшылар кеңесіне қатысқан Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Қажығали Мұхамбетқалиевтің жары Сұлухия Ілиясова ханымның иығына қамзол жауып, елдің атынан естелік сыйлық ұсынды.

«Сырым елі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале