Оның айтуынша, ауылдарда өлім-жітім көрсеткішінің құрылымында қанайналым жүйесінің ауруларынан, қатерлі ісіктерден, тыныс алу ағзаларының ауруларынан және жарақаттардан болатын өлім қалаға қарағанда басым.
«Коронавирус инфекциясы пандемиясының жалпы халық денсаулығының негізгі көрсеткіштеріне әсер еткенін атап өткен жөн», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ведомство басшысы ауылдағылар қала тұрғындарына қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін айтты.