«Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 6 қазандағы №61 бұйрығымен Нұрбек Ғайнеденұлы Ихсанов Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ветеринария басқармасының «Казталов аудандық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны директоры лауазымына тағайындалды.
Нұрбек Ғайнеденұлы Ихсанов 1986 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, ветеринарлық дәрігер мамандығы бойынша Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін бітірген.
Жанұялы, отбасында жұбайы, бір ұл және бір қыз тәрбиелеуде.
Еңбек жолын 2008 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында "Ақниет плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қауіпсіздік қызметінің қызметкері болып бастаған.
2010 жылы Батыс Қазақстан облысы ҚР АШМ АӨК МИК Казталов аудандық аумақтық инспекциясы Бірлік ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы;
2010-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы ҚР АШМ АӨК МИК Казталов аудандық аумақтық инспекциясы Бірік ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы-жетекші маманы;
2011-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы ҚР АШМ АӨК МИК Казталов аудандық аумақтық инспекциясы жетекші маманы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы;
2011-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Казталов аудандық аумақтық инспекциясының санитариялық инспекторы;
2015-2020 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы шекара маны бекеттерін бақылау бөлімінің бас маманы;
2020 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы шекара маны бекеттерін бақылау бөлімінің бас маманы;
2020-2021 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының жер қатынастар бөлімінің бас маманы;
2021-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.