10.10.2022, 18:11
Оқылды: 53

Казталов аудандық ветеринариялық станциясында жаңа басшы

«Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 6 қазандағы №61 бұйрығымен Нұрбек Ғайнеденұлы Ихсанов Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ветеринария басқармасының «Казталов аудандық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны директоры лауазымына тағайындалды.

InShot_20221010_175734252

Нұрбек Ғайнеденұлы Ихсанов 1986 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, ветеринарлық дәрігер мамандығы бойынша Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан​ аграрлық-техникалық университетін бітірген.​ ​ ​ ​
Жанұялы, отбасында жұбайы, бір ұл және бір қыз тәрбиелеуде.

Еңбек жолын 2008 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында​ "Ақниет плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қауіпсіздік қызметінің қызметкері болып бастаған.
2010 жылы Батыс Қазақстан облысы ҚР АШМ АӨК МИК Казталов аудандық аумақтық инспекциясы Бірлік​ ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы;
2010-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысы ҚР АШМ АӨК МИК Казталов аудандық аумақтық инспекциясы Бірік ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы-жетекші маманы;
2011-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы ҚР АШМ АӨК​ МИК Казталов аудандық аумақтық инспекциясы жетекші маманы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы;
2011-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Казталов аудандық аумақтық инспекциясының санитариялық инспекторы;
2015-2020 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы шекара маны бекеттерін бақылау бөлімінің бас маманы;
2020 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы шекара маны бекеттерін бақылау бөлімінің бас маманы;
2020-2021 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының жер қатынастар бөлімінің​ бас маманы;
2021-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале