Агенттіктің хабарлауынша, 11 қазаннан бастап бизнес және білім беру мақсатында кіруге қатысты қолданылған шектеулердің көбі алынды. Жапонияға күніне 50 мың адамға дейін ғана кіру туралы шектеу алынып тасталды.
Сонымен қатар елге келетіндер үшін вакцинация туралы құжатын ұсынса немесе қолында 72 сағат бұрын тапсырған ПТР тесті болса міндетті карантин талаптары жойылады.