11.10.2022, 14:46
Оқылды: 69

Жапония туристер үшін карантин талаптарын айтарлықтай жеңілдетті

Енді Жапонияға келетін шетел азаматтары туристік топтардың құрамында емес, ел бойынша қайтадан жеке саяхаттай алады. Жапониямен визасыз режим келісімі бар елдерден келетін туристер үшін виза алу талабы да жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

221011092023735e

 Агенттіктің хабарлауынша, 11 қазаннан бастап бизнес және білім беру мақсатында кіруге қатысты қолданылған шектеулердің көбі алынды. Жапонияға күніне 50 мың адамға дейін ғана кіру туралы шектеу алынып тасталды.

Сонымен қатар елге келетіндер үшін вакцинация туралы құжатын ұсынса немесе қолында 72 сағат бұрын тапсырған ПТР тесті болса міндетті карантин талаптары жойылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале