Қазақстанда 11 қазан күні сағат 18.00-де ел президенттігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлауға бес кандидатты тіркеді:
- Қасым-Жомарт Тоқаев, қазіргі мемлекет басшысы.
- Нұрлан Әуесбаев, оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) өкілі.
- Мейрам Қажыкен, Amanat республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынған.
- Жигули Дайрабаев – "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат.
- Қарақат Әбден – "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігінен.
Тағы жеті президенттікке кандидат ОСК-ға құжаттарын тапсырды. Олардың құжаттары әлі қаралып жатыр.
- Жұматай Әлиев, "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінен.
- Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағынан.
- Нұржан Әлтаев, "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігінен.
- Салтанат Тұрсынбекова, "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінен.
- Хайрулла Ғабжалилов, "Асар" оралмандар қауымдастығы" ҚБ ұсынған.
- Бақыт Жаңабаев, "Қазақстан әуесқой футболшыларының" қоғамдық бірлестігінен.
- Фатима Бизақова, "Тәжірибелік психология" қоғамдық бірлестігінен.
Жалпы, мемлекет басшылығына 12 адамның кандидатурасы ұсынылды.