12.10.2022, 12:02
Оқылды: 41

Кентауда 168 адам фаст-фудтан уланды

Түркістан облысында екі айда 168 адам уланған дәмхана әкімшілігіне қатысты іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

photo_105349

Телеарна мәліметінше, Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орнынан суши, пицца, тауық етін жеген 145 адам ішек инфекциясын жұқтырған. Жұрт жаппай ауруханаға түскен соң, полиция басқармасы мен СЭС мамандары дәмхананы жоспардан тыс тексергенде нысанның санитарлық құжаты түгіл  аспаздарының медициналық кітапшасы болмай шыққан.

Басшылыққа 700 мың айыппұл салынды.

"Жалпы 145 науқас келіп тіркелді. Оның 98-і  ауруханаға жатқызылды. 47 науқас амбулаторлық емге жіберілді. Түркістан қаласына 31 науқас жатқызылды. Кентау қаласына - 67 науқас. Оның ішінде бес жүкті әйел мен 33 бала бар. Бәрінің жағдайы орташа ауыр. Бүгін жағдайы жақсарған науқастар үйіне шығарылады", - дейді Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале