13.10.2022, 19:04
Оқылды: 132

Сайлауға дайындық пысықталды

Бүгін Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде «Сайлау кезіндегі  сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында  семинар өтті. Аталмыш семинарды алғысөзбен ашқан аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан алдағы маңызды саяси науқан Президент сайлауын өткізуге байланысты ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып,  семинарға қатысушыларға облыстан келген өкілдерді таныстырды.

Сайлау жиналыс (3)

Семинар барысында сөз алған аудандық аумақтық комиссияның төрағасы Бақытжан Жүсіпқали Қаратөбе ауданы бойынша сайлау учаскелерінің дайындығы туралы баяндама жасады.

– Қаратөбе ауданы бойынша  1 аумақтық және 19 учаскелік сайлай комиссиялары жұмыс атқарады. Сайлау комиссияларында бос орындар  жоқ. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясында 7 мүше, учаскелік сайлау комиссияларында 99 мүше, барлығы 106 сайлау комиссиясы мүшелері бар. Аудан бойынша 19 сайлау учаскелері жалпы материалдық-техникалық жағынан дайын. Сайлау учаскелері  стандартты кабиналармен жабдықталып, бейнебақылау камераларымен, байланыспен, интернетпен қамтылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кірме жолдар бар. Өрт қауіпсіздігі ережелері толық сақталған,- дейді аудандық аумақтық сайлау космиссиясының төрағасы  Б.Жүсіпқали.

Сайлау жиналыс (1)

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Қайырқұлұлының айтуынша, аудандағы сайлау учаскелерінің шекаралары белгіленіп, бекітілген. Аудан бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына байланысты сайлаушылар тізімін нақтылау мақсатында жұмыс тобы құрылған.

Ағымдағы жылдың 5 қазанындағы жағдай бойынша аудандағы сайлаушылар саны 8871 сайлаушыны құрап отыр. Аудан бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық үшін аудан әкімдігі жанынан құрамы 10 адамнан тұратын жедел штаб және құрамында  28 адам бар Сайлауалды ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыс тобы құрылған.

Семинарда Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыстары бөлімінің басшысы Жасұлан  Нұрғожин  20 қарашада өтетін еліміздегі Президент сайлауына байланысты жұмыстардың заң шеңберінде ашық, әділ орындалуын комиссиялар мүшелерінің назарына салды.

– Орталық сайлау комиссияның жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі кездесуіміздің мақсаты біреу. Ол, баршаңыздың алдағы өтетін сайлаудың ашық, әділ өтуіне атсалысу. Сіздер елімізде өткен бұдан да бұрынғы сайлаулар мен референдумдар жұмыстарына қатысып тәжірибе жинақтадыңыздар. Дегенмен әр сайлаудың ерекшеліктерін, заңға сай талаптарын ескеруіміз керек. Сайлау өткізуге байланысты заңдылықтарды қатаң сақтап, бұрын кездескен кемшіліктерді болдырмау мақсатында облыстың барлық аудандарын аралап семинар өткізудеміз.  Үшінші болып сіздердің аудандарыңызға келіп отырмыз.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай  элементарлық кемшіліктер, болмашы нәрселер кездесіп жатады. Олар, әрине, әдейі істелмейтін шығар, басқа бір себептермен болып жататын болар. Егер комииссия төрағалары мен мүшелері сайлау заңын жетік біліп, ережелердегі талаптарды қатаң орындаса ешбір қателіктерге жол бермейді,- деді облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыстары бөлімінің басшысы Жасұлан Сәкенұлы.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Күнсәуле Аралбекова семинарға қатысушыларға сайлау заңы бойынша жан-жақты түсініктер беріп, олардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап қайтарды.

Аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлы аудан бойынша сайлаушылар тізімін нақтылауда кездесетін жағдайды назарға салды. Кейбір аудан тұрғындарының тұрғылықты жерде есепте болғанымен басқа жақта жұмыс жасауына байланысты олардың жергілікті жердегі сайлаушылар тізімінен шығару өтініші бойынша тізімнен алып тасталынатынын айтты.

Семинарда аймақтық, учаскелік сайлау комиссияларының, жергілікті басшылық органдардың жауапкершіліктері мен міндеттері туралы айтылды.

Қаратөбе колледжі базасында 6 топта семинардың секциялық жұмыстары жүргізіліп, сайлау комиссияларының мүшелері  ережеге сай 30 сұрақ бойынша тест тапсырды.

Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале