Ирактың Өкілдер кеңесі (парламент) бейсенбі күні елдің жаңа президенті етіп Абдул Латиф Рашидті сайлады, деп жазды ТАСС.
Жасырын дауыс берудің екінші кезеңінде ол қарсыласы Бархам Салехтен – Ирактың қазіргі президентінен көп дауыс жинады.
Салех дауыс берудің соңғы нәтижесін күтпестен парламент ғимаратынан шығып кетті.
Парламенттің есеп комиссиясының мәліметінше, Рашидке 162 дауыс беріліп, Салехке дауыс берген 99,8 бюллетень жарамсыз деп танылды.
Рашидті президенттікке сайлануымен бірінші болып құттықтағандардың бірі премьер-министр Мұстафа әл-Казими болды.
Ирак конституциясына сәйкес, мемлекет басшысы елдегі күрд қауымының, премьер-министр шиит мұсылмандарының өкілі болуы керек, ал парламент басшысы сүнниттік мұсылман дінінен болуы керек.
Жаңа мемлекет басшысы сайланғаннан кейін 15 күн ішінде жаңа премьер-министрді ресми түрде тағайындауы керек.