14.10.2022, 16:28
Оқылды: 38

Еуразиялық Банк қазақстандықтарға 4 секундта тауарды несиеге алу мүмкіндігін ұсынды

Қазір дүкенде несиені бірнеше секундта рәсімдеу үйреншікті жағдайға айналды. Бұл тұтынушылар үшін ыңғайлы сервис екенін сөзсіз, себебі несие алу үшін банк кеңсесіне барып, құжат жинап жатудың қажеті жоқ. Әдетте несие алу үшін жеке куәлік пен банк картасы жеткілікті. Міне сондықтан бүгінде POS-несие танымалдылыққа ие. Несиенің бұл түрін елдегі 7 екінші деңгейлі банк енгізген. Соның ішінде Еуразиялық банк өзінің жылдамдығы және қолжетімділігімен ерекшеленіп отыр. 

IMG-20221014-WA0028

 

Қазіргі таңда Еуразиялық Банк ұсынған POS-несиелеу жүйесімен 5 миллион теңгеге дейін сомаға затты несиеге немесе бөліп төлеуге алуға болады. Ең ыңғайлысы, несиені рәсімдеу үшін банк менеджеріне хабарласудың қажеті жоқ: барлығын онлайн жүзеге асыра аласыз.

"Онлайн-дүкен арқылы сауда жасаған клиент үйден шықпай-ақ, қажетті тауарды сатып алып, несие рәсімдейді. Белгіленген уақыт аралығында дүкен қызметкерлері тауарды жеткізіп береді. Енді клиенттерімізге бұрынғыдай құжатқа қол қою үшін дүкенге немесе банк бөлімшесіне барудың керегі жоқ", – деді Еуразиялық Банктің Технологиялар және цифрлық бизнесті қолдау орталығының басқарушы директоры Ксения Еремина.

Осы орайда тұтынушыларға тиімді болуы үшін мамандар банкте ғана қолданылатын жеке электронды-цифрлық қолтаңба дайындалғанын атап өткен жөн. Бұл электронды-цифрлық қолтаңба ХҚКО-дан алынған қолтаңбамен қатар жүреді және Еуразиялық банкте ғана қолданылады.

"Клиент бұл процеске мүлдем араласпайды. Мәселен, несие алу кезінде банк берген электронды-цифрлы қолтаңбаның мерзімі өтіп кетсе, жүйе автоматты түрде оның уақытын ұзартады. Сонымен қатар қауіпсіздік үшін тұтынушы биометриялық сәйкестендіруден өтеді. Ал өзі жайлы ақпарат ретінде жеке сәйкестендіру нөмірі мен мобильді телефон нөмірін жазса жеткілікті", – деп қосты ол.

Бұл өз кезегінде несиені мақұлдауды жылдамдатуға мүмкіндік береді. Мәселен, банкте бұл үдеріс небәрі 4 секундқа созылады екен. Соның арқасында бүгінде банкте онлайн рәсімделген несиенің саны артқан.

"Жаңа жүйе іске қосылған соң несие рәсімдеу туралы өтініштер саны 20 есеге артқанын көрдік. Санмен айтар болсақ, 8 айдың ішінде 3 миллионнан астам клиент зат алу үшін біздің банкке жүгінген. Жүйе іске қосылған уақыттан бастап несиенің 88%-ы онлайн рәсімделсе, қалған 12% офлайн негізде алынады. Жалпы, бұл банктегі сатылым деңгейінің 40%-ына тең. Жыл соңына дейін аталған көрсеткіш 65%-ға жетеді деп болжап отырмыз", – дейді Еуразиялық Банктің цифрлық және серіктестік сатылым бойынша атқарушы директоры Диас Шәріпжанов.

Несие рәсімдеу үшін банктің мобильді қосымшаны жүктеудің де қажеті жоқ. Барлық операция дүкеннің сайтында іске асырылады.

Айта кету керек, несиені мақұлдау ұзақтығы тұрғысынан Еуразиялық Банк бүгінде көш бастап тұр. Мұны банктің серіктестері де мойындап отыр. Қазіргі таңда POS-несиелеу жүйесі 20-дан астам серіктес дүкендерде енгізілген.

"POS-несиелеу жүйесін дайындау барысында жылдамдық тұрғысынан біз өзге 7 банктің ішінде соңғы орында болғанбыз. Дегенмен бар-жоғы 1,5 айдың ішінде Еуразиялық Банк бәсекелестерін озып, бірінші орынға көтерілген. Бұл – біз үшін үлкен жетістік. Кей банктерде өтінішті мақұлдау процесі  30-40 секундтан 1,5 минутқа дейін созылады", – дейді Диас Шәріпжанов.

Оның сөзінше, алдағы уақытта несиеге өтінішті қарау уақытын 1,5-2 секундқа дейін қысқарту жоспарланып отыр.

Айта кетсек, қазіргі уақытта POS-несиелеу жүйесіндегі несие алудың орташа сомасы 360 мың теңгеге жеткен.

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.68/242/40 лицензиясы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале