14.10.2022, 18:01
Оқылды: 60

Балалар бақ сынасты

Бүгін Сырым аудандық мәдениет үйінде «Жүректі жылытқан мейірімділік» атты  ерекше балалар арасында аудандық фестиваль өтті. «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған шараға ауылдық округтерден  жиырмадан астам өрендер қатысты. 

IMG_20221014_171926

Фестивальдің ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлан Сәрсенов сөз сөйлеп, бақ сынағалы тұрған балаларға сәттілік тіледі. 

Балалар қолөнер, эстрадалық вокал, көркемсөз, аспапта ойнау бөлімдері бойынша өнерлерін ортаға салды. Мәдениет үйінің фойесінде ерекше балалардың алтын қолдарынан шыққан бұйымдардан көрме қойылды. Эстрадалық вокал,  көркемсөз оқу және аспапта ойнаудан бақ сынаған балалардың өнерлері сахнадан тамашаланды. 

IMG-20221014-WA0068

Фестиваль нәтижесінде қолөнерден бірінші  жүлдені Ерасыл Аленов, екінші жүлдені жымпитылық Ақерке Опағали, үшінші жүлдені тасқұдықтық Айәділ Оралбекұлы  жеңіп алды. 

Эстрадалық вокал аталымында аралтөбелік  Фариза Хабдығалиева І орын, жымпитылық Ернұр Еркінғали ІІ орын, жымпитылық Абзал Сауғабай ІІІ орынды еншіледі. 

IMG-20221014-WA0071

Көркемсөз шеберлері І орын Нурия Талғатқызы, ІІ орын Юлия (Айша) Есмагулова, ІІІ орын Артур Рашитовке тиесілі болды. 

Аспапта ойнау бойынша Алғабастан келген кішкентай күйші  Альбина Юностиева бірінші орынды иеленді. 

IMG-20221014-WA0074

Фестивальдің бірінші жүлдесін алған өнерпаз өрендер облыстық кезеңге жолданды. 

Шынар Молданиязова,

Суреттерді түсірген Айман Өтеғалиева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале