17.10.2022, 17:45
Оқылды: 20

Жәнібек аудандық полиция бөліміне басшы тағайындалды

        Бүгін аудан әкімдігінде актив жиыны өтіп, оны аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов ашты. Жиында БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Абылайхан Серіков облыстық полиция департаменті бастығының 2022 жылғы 14 қазандағы №816 ж/қ бұйрығымен Жәнібек аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция подполковнигі Айшуақ Сейтқазиевтің тағайындалғанын жеткізіп, оның жеке құраммен бірлесе жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

IMG_0810

Айшуақ Мамайұлы Сейтқазиев 1980 жылы 24 қыркүйекте Бөкей ордасы ауданының Темір Масин атындағы кеңшарында дүниеге келген. 2002-2004 жылдары ҚР Қарулы күштері қатарында әскери борышын өтеген. 2005-2008 жылдары БҚО ішкі істер департаментінің Орал қалалық ішкі істер басқармасында қызмет атқарған. 2008-2009 жылдары Орал қалалық ішкі істер басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор, 2009-2016 жылдары Орал қалалық ішкі істер басқармасының Абай полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің аймақтық-аумақтық тобының жедел уәкілі, 2016-2018 жылдары Орал қалалық ішкі істер басқармасының Абай полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жеке тұлғаларға қарсы қылмысты ашу жөніндегі тобының аға жедел уәкілі, 2018-2019 жылдары Орал қалалық полиция басқармасының Абай полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары, 2019-2022 жылдары Жәнібек аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, орынбасары, 2022 жылдың 14 қазанынан Жәнібек аудандық полиция бөлімінің бастығы.

IMG_0800

А.Есіркепов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале