«Қариясы бар елдің қазынасы бар» деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған. Сондай ардақты да аяулы жандардың бірі – ауылымыздың жасы үлкен кейуанасы Ұлмекен Қажығалиева 95 жасқа толды. Үлкенді сыйлау салтымен мектебіміздегі «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері әжейдің үйіне арнайы барды.
Ол бізді құшақ жая қарсы алып, өмір жолы мен бастан кешкен қиындықтары туралы айтып берді. Туған топырағының өсіп-өркендеуі мен өзі көрген елдің игі жақсылары жайлы да әсерлі әңгіме өрбітті.
– «Аналар – асыл жандар, шуақ боп шашылғандар» деген өлең жолдары өзіңіз секілді көргені мен түйгені мол, өн бойы өнеге тұнған адамдарға арналып айтылса керек. Алдағы уақытта да ел-жұртыңыздың ақылшы анасы болып, ұзақ ғұмыр кешуіңізге тілектеспіз, – деген тәлімгер Шолпан Мұхамбетәлиева үлкен кісіге ақ орамал сыйлап, сый ұсынды. Ал әжей риза көңілмен келген ұл-қыздарға ақ батасын берді.
Оралбек Әлиев,
Пятимар орта мектебінің 10-сынып оқушысы,
Жаңақала ауданы