Бүгін Жерорта теңізінің жағасынан ақжолтай хабар жетті.
Түркияның Анталья қаласында армрестлингтен өтіп жатқан Әлем чемпионатында тағы бір бұлдыртылық бозбала Рүстем Жәдігер бақ сынауда. Рүстем бүгінгі жарыс күнінде сол қолымен күресіп, бес кездесу өткізді. Финалда қырғыз армрестлеріне есе жіберіп алып, күміс медальға ие болды.
Бірақ, бұл күмістің құны Рүстем үшін алтыннан қымбат. Өйткені бапкері Төлеген Құраш екеуіне Түркияға жету оңай болған жоқ. Жолдамасы болғанмен, жолақысы болмай қиналды.
Нұрлан Бекжанов... Айкөркем Ихсанова... Әлем спортының аспанында ертең тағы бір жарық жұлдыз жарқ етуі әбден мүмкін. Себебі Рүстем Жәдігер таңертең күрес үстеліне оң қолымен шығады.
Көк ту жамылған жігітімізге сәттілік тілеп қоялық!
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz