Білім басқармасының 2022 жылғы жоспарына сәйкес оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту, техникалық спорт түрлерін насихаттау, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жуырда «Картинг» автокөлігі спорты бойынша облыстық жарысы өткізілді.

Жарысқа Бәйтерек ауданы, Бөкей ордасы ауданы, облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицей-интернаты, Мичурин жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені, Орал қаласы мектептен тыс жұмыс орталығы, облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының командаларынан 32 спортшы қатысты.

Облыстық жарыстың жеңімпаздары болып:
«50 текше см³» санаты бойынша жекелей жарыста І орынды Орал қаласы, Мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушісі Матвей Евсюк, «125 текше см³» санаты бойынша жекелей жарыста І орынды Бөкей ордасы ауданы, балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі Бахтияр Халқаман, «175 текше см³» санаты бойынша жекелей жарыста І орынды Мичурин жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешенінің оқушысы Никита Кривобоков иеленді.
Білім басқармасының баспасөз қызметі