21.10.2022, 17:15
Оқылды: 48

Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы талқыланып жатыр

Астанада ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сәденовтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

WhatsApp Image 2022-10-21 at 15.10.03

Заң жобасы Мемлекет басшысының адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралар туралы тапсырмасы және заңның үстемдігі аясындағы шараларға орай әзірленуде.

Отырысқа ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың сарапшылары, Білім, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Бас прокуратураның, Қаржы мониторингі агенттігінің, Республикалық адвокаттар алқасының, Экономикалық зерттеулер институтының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, елорданың жетекші жоғары оқу орындарының, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жұмыс тобы заң жобасында қолданылатын негізгі ұғымдарды, заң жобасының қолданылу аясы, принциптері, мақсаттары мен міндеттері, уәкілетті органдардың адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі функциялары, мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың құзыреттерін және басқа да мәселелерді талқылады.

Заң жобасын енгізу мерзімдері: 2023 жылғы қаңтар – Әділет министрлігіне, 2023 жылғы ақпан – Үкіметке, ал 2023 жылғы сәуір – Парламентке енгізу белгіленді. Әзірлеу жұмыстары жалғасуда. Талқылау және заң жобасына енгізу үшін өз ұсыныстарыңызды [email protected] электрондық мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз.

Барлық құқықтар қорғалған. EL.KZ белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://el.kz/adam-saudasyna-qarsy-is-qimyl-turaly-zan-zhobasy-talqylanyp-zhatyr_53539/

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале