23.10.2022, 0:24
Оқылды: 20

Көктеректік түлектер саябақты жандандырды

22 қазан күні Казталов ауданы Көктерек ауылы түлектерінің бастамасымен абаттандырылған орталық саябақтың ашылу салтанаты өтті.

20221021072402_IMG_8058

Мемлекет қаржысы есебінен қоршалған саябаққа түлектердің қолдауымен тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, демалыс орындықтары, қоқыс жәшіктері мен жарық диодты шамдар орнатылған.

20221021072409_IMG_8059

Игі бастаманың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Мәулет Жұбатов қатысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Республика күні қарсаңында лентасы қиылған саябақтың ашылу салтанатында Зәйлім Исатайқызы көктеректік перзенттердің бастамаларына ризашылығын білдіріп, түлектерге және осы игі істің басы-қасында жүрген Тілеухан Асылбекұлына аудан әкімінің алғысхатын табыс етті.

20221021072846_IMG_8070

Ал, ардагер ұстаз Зинайда Темірболатқызы түлектер мен ауданның атқамінерлеріне алғысын білдірді.

20221021073202_IMG_8079

- Ауылымызда мектеп түлектерінің бастамасымен көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Туған жеріне алаңдаушылық білдіріп, дамуына, көркеюіне үлес қосып жатқан перзенттерімізге Алланың нұры жаусын. Енді, міне, ұрпақтар сабақтастығы жалғасын тауып, түлектеріміз халыққа демалыс орнын сыйға тартуда. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган тарапынан саябақты қоршауға қаржы бөлінгендігін де ел біледі. Осы сәтті пайдалана отырып, ел перзенттеріне, ауданның басшылығына халықтың игілігі үшін атқарған жұмыстары үшін алғысымды білдіргім келеді. Қуанышымыз еселеніп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай, - деді ақ жаулықты ана.

20221021073737_IMG_8085

Түлектердің тартуы жергілікті өнерпаздардың ән шашуымен жалғасын тапты. Сондай-ақ Зәйлім Исатайқызы мен Көктерек орта жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары саябаққа тал екті.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталовка ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале