Өткен тәулікте елімізде 7 адам коронавирус жұқтырып, 1 адам аурудан жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Сондай-ақ министрліктің мәліметтеріне қарағанда осы уақытта елде 882 адам коронавирус инфекциясынан (–732+ және 150 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың арасында 97 пациент стационарда, 785 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Айта кетейік, 2022 жылғы 26-қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда 10 841 992 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 602 948 адам II компонентін салдырды. Ревакцинацияланғандар саны 5 599 809 адамға жетті.