Қостанайда полицейлер автобус дөңгелегі астын түсіп қаза тапқан белгісіз қыздың кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаза болған 12 жастағы мектеп оқушысы екені белгілі болды. Қыз жолды жаяу жүргіншілер өткелінен кесіп өткен.
Полицияның хабарлауынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторында.
Тәртіп сақшылары азаматтарға жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек екенін тағы бір рет ескертті.