Бүгін «Жайық Пресс» баспасөз орталығында серіктестіктің қаржы-экономика және коммерция бөлімі қызметкерлері арасында «Жемқорлыққа жол бермеу - әр маманның жауапкершілігі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барысында баяндамашы З.Шарафутдинов жемқорлық аса қауіпті індет екендігіне тоқталып, одан құтылудың жолы әр маманның жауапкершілігінің жоғары тұруы басты фактор екендігін атап өтті. Қатысушылар арасында есеп бөлімі басшысының орынбасары Ж.Жексенғалиева әр маманның біліктілігі мен жауаптылығы маңызды және жемқорлыққа жол бермейтіндігін, бөлім қызметкерлерінің адалдық принципінде жұмыстанып жүргенін, болашақта да жұмыстанатынын сеніммен айтты.
Дөңгелек үстел өз мақсатына жеткен мәнді мәжіліс болды.
zhaikpress.kz