28.10.2022, 11:31
Оқылды: 40

Сайлау таза, ашық, әділ өтуі тиіс

Өткен жұмада Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында өткен жиын «Сайлау кезіндегі сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында семинар практикум ұйымдастыру» деп аталды. 

5

Аудан әкімінің орынбасары Талғат Шакировтың төрағалығымен өткен кездесуге облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов, аудандық прокуратураның аға прокуроры Қайырбек Темірбай, ауыл әкімдері, мекеме-бөлім басшылары және аудандық орталық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.

Алдымен сөз алған аудандық прокуратураның аға прокуроры Қайырбек Темірбай сайлау барысында заңдылықтың сақталуы жайында айтып өтті. Келесі кезекте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Хамидоллаұлы кездесуге қатысушыларға Қазақстан Республикасында сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі мәселелелері, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру жайын сөз етті.

«Өздеріңе мәлім, 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Осыған орай облыстық сайлау комиссиясы әрбір ауданда оқулар өткізіп жүр. Орталық сайлау комиссиясының 22 қыркүйектегі №17 қаулысына сәйкес БҚО-ның күнтізбелік жоспары бекітілді. Бүгінгі таңда күнтізбелік жоспар әр ауданға таныстырылды. Осы бағытта ауданда нақты жұмыстар атқарылуы қажет. Ең басты міндет, яғни биылғы сайлаудағы талап - сайлау әділ, таза, ашық өтуі керек. Ешқандай сайлауда бұрмалаушылық жасалмауы және сайлау комиссиясы қателіктерге бой алдырмауы тиіс. Сайлау прцесіне қатысқанда сөйлеген сөзіміз бен жасаған ісімізге шейін сайлау заңына сай болуы шарт. Сайлау комиссиясының тазалығы да маңызды. Сондықтан баршаңызды сайлауды кемшіліксіз өткізуге шақырамын», - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов.

Кездесу барысында қатысушылар облыстық сайлау комиссиясының төрағасына сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Кездесу практикалық жағдайларды талдау, жағдайларды модельдеу бойынша Қ.Сәтбаев атындағы мектепте жалғасын тапты. Семинарда «Сайлаушылар тізімімен жұмыс, есептен шығару куәлігі. Дауыс беру күні сайлау учаскесін ашу», «Дауыс беруді ұйымдастыру. Үй жағдайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру», «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру. Дауыс беруге арналған үй-жайларды дайындау», «Байқаушылармен және кандидаттардың сенімді тұлғаларымен жұмыс», «Дауыс беруге арналған үй-жайда дауыстарды санау. Дауыс беру қорытындысын шығару», «Электронды үкімет порталында азаматтардың тіркелген орны бойынша мәліметтерді тексеру, онлайн-сервиспен жұмыс» тақырыптары бойынша облыстық сайлау комиссиясының мүшелері маңызды ақпараттарын ұсынды.

Жиын соңында семинар қатысушылары арнайы әзірленген тест сұрақтарын тапсырды.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале