2.11.2022, 11:45
Оқылды: 53

Ресейдегі TikTok қызметкерлеріне Қазақстанға көшу ұсынылды

РБК басылымының мәліметінше, қызметкерлерге мұндай ұсыныс Ресейде жартылай мобилизация басталған соң келіп түскен.

c1d65f14-d79f-449e-b510-0a58eb1b89d6-960x500

"Үш мемлекеттің біріне көшу ұсынылды. Бірақ қызметкерлер транспорт, тұрғын үй және т.б. шығындарды өздері өтеуі керек", - деп мәлімдеді басылым дереккөзі.

Сонымен қатар TikTok Шығыс Еуропа бойынша ғаламдық бизнес-шешімдер бөлімінің басшысы Анастасия Панина компанияның Қазақстанда жаңа кеңсе ашатынын хабарлаған. 

"Осы күзде TikTok Қазақстанда кеңсе ашуды жоспарлап отыр, Қазақстанда тланттар, көп цифрлық экономика да даму үстінде және инновациялық кәсіпкерлер де бар", - деді ол.

Басылым мәліметінше, Ресейдегі кеңсе қызметкерлерінің бір бөлігі өзге де халықаралық командаларда жұмыс істейді. Дегенмен ресейлік кеңсенің жұмысшысы болып қала береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале